Қазақстанда тау-кен-өндірістік және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардың қауымдастығы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тау-кен-өндірістік және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардың қауымдастығы құрылады

Қазақстанда тау-кен-өндірістік және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардың қауымдастығы құрылады

Қазақстанда тау-кен-өндірістік және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардың қауымдастығы құрылады. Бүгін, 27-мамырда тау-кен-металлургиялық өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері қатысқан кеңесте осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Мамыр 2005
  • 1015
Фото - Caravan.kz

«Қазір ірі бизнес өзара күш біріктіру қажеттігін бағамдады»,- деп мәлімдеді кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық «Атамекен» одағының атқарушы директоры Серік Ахметов. Оның пікірінше, қауымдастық елімізде кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға бағытталған құқықтық-нормативтік құжаттардың жобасын жасауға қатыса алады.

Қауымдастыққа «Қазақмыс», Еуразия Өнеркәсіптік қауымдастығы, «Богатырь Аксес Көмір», «Васильков кен байыту комбинаты» сынды 32 ірі кәсіпорын енді. Болашақта қауымдастық «Атамекен» одағына мүшелікке өтпекші.
Еліміздің өнеркәсіп өндірісі құрылымында қара және түсті металлургия саласы жалпы тауар өндірісінің 20,3 проценттік үлесін иемденеді. Соның ішінде металлургия өндірісі 16,1 процент, металл кенін өндіру — 4,2 процент үлеске ие. Бұл сала ел экспортынан 23 процент үлеске ие, ал тау-кен өндірістік кешені өнімдерінің 95 проценті экспортқа шығарылады.

Перейти к новостям спорта