Павлодарда электр жалғастыру желісін тарту жұмыстары 2007-жылғы күзде аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда электр жалғастыру желісін тарту жұмыстары 2007-жылғы күзде аяқталады

Павлодарда электр жалғастыру желісін тарту жұмыстары 2007-жылғы күзде аяқталады

Ақсу Жылу электр станциясы қуаты 500 кВ-тық электр жалғастыру желісін тарту жұмыстарын 2007-жылғы күзде аяқтамақшы. Бұл желі станция мен Павлодарда салынып жатқан электролиз зауытын жалғастырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы"АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Мамыр 2005
  • 586
Фото - Caravan.kz

Құрылыс жұмыстары «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы»АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ арасында 2004-жылы қол қойылған келісімнің негізінде жүргізілуде. Соған сәйкес әрбіреуінің ұзындығы 27 шақырымдық екі электр жалғастыру желісі тартылуы тиіс. Жобаның құны 1,5 млрд. теңгеге бағаланып отыр.

«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы»АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлауынша, электр жалғастыру желісінің 800 метрі Ертіс арқылы өтеді.
Бұл жобаның аясында ашық тарату қондырғысының аясы кеңейтіледі. Бұл жұмыстар 1 млрд. теңгеге бағаланып отыр.
«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы»АҚ-ның мәліметіне сәйкес, Ақсу Жылу электр станциясы электролиз зауытын 480 МВт көлемінде электр қуатымен қамтамасыз ететін болады.

Перейти к новостям спорта