Министрдің айтуынша, мұндай шараны қолдануға Қазақстан экономикасына құйылатын валюта ағынының барған сайын арту ағымы түрткі болып отыр. «Үкімет осындай ахуалға алаңдаушылық білдіріп, доллар тасқынын елімізден тысқары шығаруға шаралар қолдану үшін талпыныстар жасап жатыр»,- деді А.Дунаев.
Ол сонымен бірге Қазақстан экономикасынан басы артық валютаны шығару бағытында үкімет қолданып жатқан шараларға қарамастан, нәтижесі мардымсыз екенін мәлімдеді. Өйткені, екінші деңгейлі банктер дәл осыншама көлемдегі шетел валютасын несиеге сырттан әкелу арқылы отқа майды құя түсуде. «Бұл жерде кейбір қарама-қайшылықтың бар екені рас»,- дейді министр.
Алайда А.Дунаев жаңаша резервтік талаптарға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат пен оның енгізілу мерзімі туралы ештеңе айтпады.