«Елордасы мен орталық билік органдарының Астанада болуы — қоныс аударуға басты себеп»,- дейді Б.Жұмағұлов. «Жергілікті жерлердегі шенеуніктер көтере алмаған барлық проблемалардан биліктің тез арада хабардар болуын қалаймыз»,- деді ол. Б.Жұмағұловтың айтуынша, «Алматыда партияның өкілдігі қалады».
Бүгін партияның орталық аппаратының 28 қызметкері Астанаға келіп жетті. «Біз Астанада жұмыс істеп, Елбасы алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратын боламыз»,- деп атап көрсеткен Б.Жұмағұлов «Отан» партиясы Елбасының жолдауын халыққа жеткізумен шектелмей оны жүзеге асыру тетіктерін жасайтын болады» деп мәлімдеді.