Қырғызстан Республикасы қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Исмаил Исаковпен кездесуден кейін мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Н.Бордюжаның айтуынша, Исмаил Исаковпен кездесуде Ошта әскери база ашу мәселесі қарастырылған жоқ. Келіссөздер барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына дайындық барысы талқыланады. Бұл бас қосулар маусым айында Мәскеуде өтеді. Тараптар Қырғызстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының атқаруы мүмкін ролі туралы талқылады.
«Ауғанстаннан келетін есірткі тасымалымен күрес — ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі»,- деді бас хатшы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Н.Бордюжа бүгін, 30-мамырда Қырғызстанға келді. Сапар барысында ол Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиевпен және Қырғызстан СІМ-нің міндетін атқарушы Роза Отынбаевамен кездеседі деп күтілуде.