Таудағы үңгірге құлаған бір оныншы сынып оқушысы бір тәуліктен астам уақыт сонда отырды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таудағы үңгірге құлаған  бір оныншы сынып оқушысы бір тәуліктен астам уақыт сонда отырды

Таудағы үңгірге құлаған бір оныншы сынып оқушысы бір тәуліктен астам уақыт сонда отырды

Оңтүстік Қазақстан облысында бір оныншы сынып оқушысы таудағы үңгірге құлап бір тәуліктен астам уақыт сонда отырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Мамыр 2005
  • 483
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың хабарлауынша, бір топ жоғары сынып оқушылары Бүргелік шатқалында демалып жүрген. №66 орта мектептің оқушысы А.Меңлібаев 6 метрлік тау үңгіріне құлап кетіп, шыға алмай қалған.

Оқыс оқиға туралы ақпарат Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына 29-мамыр күні 00 сағат 30 минутта келіп түскен. Жасөспірім бүгін, 30-мамырда табылды.
Құтқарушылар баланы тау үңгірінен шығарып алып, таудан түсуге көмектесті. Жасөспірімге дәрігерлік көмек қажет болмай шықты.

Перейти к новостям спорта