Апат Қарақия ауданында Ақтау-Жаңаөзен бағытындағы тас жолдың 79-шақырымында болды. Министрлік ақпаратына сәйкес, 30-мамыр күні таңертең «Краз-6510», «Газель» және «ВАЗ-21099» автокөліктері соқтығысып қалған. Апат салдарынан «Газель» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында жан тәслім етсе, тағы екі жолаушы аудандық ауруханаға апарар жолда қайтыс болды. Сонымен бірге «Газель» автокөлігінде отырған 7 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің екеуі бала.