Тбилиси қаласында ТМД үкімет басшылары кеңесінің жиыны өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тбилиси қаласында ТМД үкімет басшылары  кеңесінің жиыны өтуде

Тбилиси қаласында ТМД үкімет басшылары кеңесінің жиыны өтуде

Бүгін, 3-маусымда Тбилиси қаласында ТМД үкімет басшылары кеңесінің қазіргі төрағасы, Молдавия үкімет басшысы Василий Тарлев кеңестің кезекті жиынын ашты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Маусым 2005
  • 339
Фото - Caravan.kz

Қазір жиын кеңейтілген құрамда өткізілуде. Бұған дейін үкімет басшылары жеке дидарласқан.

Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан және Украина үкімет басшылары қатысуда. Қырғызстан атынан вице-премьер міндетін атқарушы, Өзбекстаннан үкімет басшысының орынбасары, Түрікменстаннан республиканың Достастық аясындағы жарғылық және басқа да органдардағы толық құқылы тұрақты уәкілі қатысып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, отырыс барысында 30-ға жуық құжат қаралады. 20 құжат жобасы талқылаусыз қабылданады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта