Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 4 -маусымда Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің  отырысы  4 -маусымда Астанада өтеді

Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 4 -маусымда Астанада өтеді

4-маусымда Астанада Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СҢМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Маусым 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

Жиынға ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, ҚХР СІМ Ли Джаосин, РФ СІМ Сергей Лавров, Тәжікстан СІМ Талбак Назаров, Өзбекстан СІМ-нің бірінші орынбасары Ильхом Неъматов, Қырғызстан СІМ-нің орынбасары Кәдірбек Сарбаев, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының атқаруышы хатшысы Чжан Дэгуан, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымының атқару комитетінің директоры Вячеслав Касымов, бақылаушылар ретінде Монғолия СІМ Цэндийн Мунх-оргил басқарған өкілдер қатысады.

Кеңестің күн тәртібінде Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының шілде айының басында Астанада өтеді деп межеленген алдағы саммитіне дайындық мәселелері талқыланады. Сонымен бірге жиынға қатысушылар дүниежүзілік ахуалдың даму ағымдары мен Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мәселелерін сарапқа салады.

Перейти к новостям спорта