Астана полициясы балабақшадағы қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана полициясы балабақшадағы қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады

Астана полициясы балабақшадағы қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады

Астана полициясы балабақшада үш жасар сәбидің қаза табу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін, 3-маусымда Астана қалалық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының бастығы Мұратбек Құмарбеков құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу жөніндегі міндетін тиісті деңгейде орындамау жөніндегі» 138-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды»,- деді М.Құмарбеков.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31-мамыр, сейсенбіде «Алые паруса» атты №41 балабақшада қайғылы оқиға болып, үш жастағы балалар тәрбиеленетін топта күйсандық құлап кеткен. Соның салдарынан бір бала қайтыс болып, екі бала жарақаттанды. М.Құмарбековтың айтуынша, алдын-ала сараптама қорытындысына сәйкес, үш жасар бүлдіршіннің қаза табуына асфиксия себепкер болған. «Аспапқа жаншылған бала тыныс ала алмай қалған. Осыған қарап баланың күйсандық астында қанша жатқанын бағамдауға болады»,- деді М.Құмарбеков.
Қазір зардап шеккен балалар Елордадағы бір ауруханада жатыр. Қаза тапқан бала 2-маусым күні жер қойнына тапсырылды.

Перейти к новостям спорта