Қырғызстанның Тоқмақ қалалық сүт зауыты қазақстандық инвесторлардың қаржысына іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Тоқмақ қалалық сүт зауыты қазақстандық инвесторлардың қаржысына іске қосылды

Қырғызстанның Тоқмақ қалалық сүт зауыты қазақстандық инвесторлардың қаржысына іске қосылды

Қазақстанның "Вита" фирмасы Тоқмақ қалалық сүт зауытын қалпына келтіріп, жаңалауға 1,75 млн. доллар жұмсады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Чу облыстық мемлекеттік әкімшілігінен хабарлады.

  • 6 Маусым 2005
  • 494
Фото - Caravan.kz

Облыстық әкімшіліктің хабарлауынша, былтырғы мамыр айында зауыт акцияларының мемлекеттік қоржынының 68 проценті байқау негізінде Қазақстанның «Вита» компаниясына сатылған.

Содан бері инвесторлар өндірісті жаңалауға 70 млн. сом немесе 1,75 млн. доллар жұмсады. Тәулігіне 100 тонна сүт өндіретін зауыт маусым айының басында іске қосылды. Өндірісте 280 адам жұмысқа қамтылған. Сонымен бірге зауытта парфюмерия өндірісінде қолданылатын казеин өндірісін іске қосу көзделіп отыр.
Тоқмақ қалалық сүт зауыты 70-ші жылдардың аяғында салынған. Зауыттың жұлдызды шағында онда 500 адам жұмыс істеді. Ал кейінгі кездері ол жұмыссыз тұрды.

Перейти к новостям спорта