Душанбе қаласында Орталық Азиялық ІҮ білім беру форумы өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбе қаласында Орталық Азиялық ІҮ білім беру форумы өткізілуде

Душанбе қаласында Орталық Азиялық ІҮ білім беру форумы өткізілуде

Душанбе қаласында Орталық Азиялық ІҮ білім беру форумы өткізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Маусым 2005
  • 394
Фото - Caravan.kz

«Форумның мақсаты — әріптестік пен ынтымақтастық желісін құруға тұғырнама әзірлеу, сондай-ақ, аймақ елдерінде пайда болған ортақ тауқыметтердің шешімін қарастыру болып табылады»,- деді БҰҰ балалар қорының кеңесшісі Муратали Умаров. Оның айтуынша, бұл бас қосу 2002-жылғы Алматы, 2003-жылғы Бішкек, 2004-жылғы Ташкент форумының логикалық жалғасына айналмақ. Тәжік бас қосуына «Білім беру жүйесін реформалау процессі арқылы білім беру сапасы мен оған қол жетімділігін арттыру» тақырыбы арқау болмақ.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, РФ Самара облысының білім беру министрліктерінің жетекшілері, сондай-ақ, UNDP, UNICEF, UNESCO және Әлемдік банк өкілдері қатысады. «Талқылау қорытындысы бойынша резолюция қабылданады»,- деді М.Умаров.
Кездесу қарсаңында Тәжікстан білім министрлігі мен UNICEF бастамасы бойынша форум аясында Душанбе қаласында «БАҚ және білім беру жүйесін реформалау» тақырыбында семинар болып өтті.

Перейти к новостям спорта