Елбасы Испания елшісінің сенімхатын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Испания елшісінің сенімхатын қабылдады

Елбасы Испания елшісінің сенімхатын қабылдады

Бүгін, 6-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақ ордада Испанияның Қазақтандағы төтенше және өкілетті елшісі Сантьяго Чаморродан сенімхатын қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Елбасымен кездесуден кейін елшініің журналистерге хабарлауынша, сенім хатымен бірге ол Н.Назарбаевқа "жоғары мәртебелі Испания Королінің" жеке жолдауын табыс еткен.

  • 6 Маусым 2005
  • 562
Фото - Caravan.kz

Елші екі ел мен екі елдің түрлі мекемелері арасында етене жақын достық байланыс орнады деп атап өтті. «Екі ел арасындағы саяси қарым-қатынас жоғары деңгейде. Испания Қазақстан үкіметі жүзеге асырып жатқан демократияландыру саясаты мен саяси және экономикалық реформаларды қолдайды»,- деді елші. «Испания да осындай құбылыстарды 1975-жылы қолға алған. Бізге де қиындау тиді, дегенмен, нәтижесі айтарлықтай болған бұл құбылыс Испанияға халықаралық сахнада жарқырап алға шығуға мүмкіндік берді». Елші осы орайда Қазақстанға да «халықаралық қоғамдастық аясында өзіне лайықты орынға ие болуға» тілек білдірді.

С.Чаморро сонымен бірге Елбасымен әңгіме барысында Қазақстанның экономикалық жетістіктері туралы да сөз қозғалғанын хабарлады. «Жетіктіктер шынымен таңданыс сезімін тудырады»,- деп атап өткен елшінің пікірінше, Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық ынтымақтастық деңгейі «саяси қарым-қатынастар деңгейіне жете алған жоқ». «Испания әзірге Қазақстан экономикасының энергетикалық саласында өз өкілеттілігін иемдене алмай отыр»,- деді ол.
«Біз Испаниялық кәсіпкерлерді өздерінің стратегиялық бағдарламасына Қазақстанды да енгізуге жан-жақты ынталандыратын боламыз»,- деді С.Чаморро. Елшінің айтуынша, қазір Испанияның «Repsol YPF» мұнай компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою төңірегінде «ҚазМұнайГаз» -бен келіссөздер жүргізуде. «Біз «Repsol YPF» мұнай компаниясының табыстары басқа да кәсіпкерлер үшін ынталандырушы факторға айналады деп сенеміз»,- деді ол.
Елшінің айтуынша, «Қазақстан мен Испания арасында, соның ішінде қорғаныс саласында ынтымақтастық орнатуға болатын тұстар көп». Елші осы орайда қазақстандықтардың испан тілін зерттеуге деген құлшынысын атап өтті. «Біз Испаниялық оқытушылардың осында келуі үшін және шәкіртақылардың көптеп бөлінуі үшін күш салатын боламыз»,- деді елші. «Қазақстанда испан тілін зерттеу аясын кеңейту үшін Сервантес институтының бөлімшелері ашылады. Бұл оқу орны испан тілін дүниежүзіне насихаттауды мақсат тұтатыны белгілі».

Перейти к новостям спорта