Қазақстан Бесландағы лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандарға арнап ескерткіш тұрғызу үшін 300 текше метр гранит тас жөнелтті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Бесландағы лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандарға арнап ескерткіш тұрғызу үшін 300 текше метр гранит тас жөнелтті

Қазақстан Бесландағы лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандарға арнап ескерткіш тұрғызу үшін 300 текше метр гранит тас жөнелтті

"Қордай" тас өңдеу зауыты" ЖШС 2005-жылдың ақпан айынан бері Бесландағы лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандарға арнап ескерткіш тұрғызу үшін 300 текше метр гранит тас жөнелтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жамбыл облыстық экономика және бюджетті жоспарлау департаментінен хабарлады. Зауыт осы айда тағы да 50 текше метр тас жөнелтпекші.

  • 6 Маусым 2005
  • 742
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорынның шығындары мен тасымал шығындарын өтеу үшін Жамбыл облыстық бюджетінен 12,9 млн.теңге бөлінді. Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, Жамбыл облысы гранит тастарды 2004-жылдың қыркүйек айында Бесландағы №1 мектепте болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамынан айрылған қала тұрғындарына тарту ретінде жолдап отыр.

Қордайда өндірілген гранит басқа да осындай тас түрлерімен салыстырғанда тығыздығымен ерекшеленеді. Бұл тас Мәскеудегі Мавзолейді, құтқарушы Христос храмын, метро құрылысын, Астанадағы Бәйтерек кешенін салған кезде пайдаланылған, деді зауыт директоры Айдар Үкібасов.

Перейти к новостям спорта