М.Толыбаевтың айтуынша, шараны жүзеге асыруға бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді. «Бұл қаржыға біз 9 изотермиялық автокөліктер сатып алдық. Бұдан кейін көліктерді байқау арқылы кәсіпкерлер арасында 6 проценттік өсіммен 3 жылға лизингіге таратып бердік»,- деді әкімнің орынбасары. Оның айтуынша, нәтижесінде күн сайын 30 тонна өнім сату көзделген. М.Толыбаев «бұл автокөліктерге ие болған кәсіпкерлер бағаны тым шарықтатпай, азақ-түлік өнімлерінің бағасын арзандатуға үлес қосады » дегенге сенім білдірді.
М.Толыбаевтың айтуынша, жеміс-жидек, көкөністермен бірге қала аулаларында басқа да азық-түлік өнімдерін саудалау жоспарланған. «Алайда, Астана қалалық әкімшілігі рынокты жаппай жаулап алу саясатын жүргізбейді»,- деді ол. «Біздің әрекеттерімізді азық-түлік интервенциясы деп атауға болады. Демек, рыноктың 10-15 процентін ғана иемденетін боламыз. Бұл — базарды жаппай алмастырмай, бағаның арзандауына ғана ықпалын тигізуге тиіс».
Қала әкімі орынбасарының хабарлауынша, «биыл Елордасында 450 бір типті жеміс-көкөніс шатырлары жайылады», ал таяу күндері «Шапағат» деп аталатын жаңа коммуналдық рынок ашылады. «Бұл шаралар азық-түлік өнімдері бағасының арзандауына септігін тигізеді. Қалай дегенмен, бұл шаралар Елбасының жолдауына сәйкес үкімет жоспарлаған әлеуметтік бағдарламалар қарсаңында бағаның аспандауына жол бермеуге тиіс»,- деді М.Толыбаев.