Шымкентте жылжымайтын мүлікке қатысты 20 шақты қитұрқылықтарға қатысы бар алаяқ әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жылжымайтын мүлікке қатысты 20 шақты қитұрқылықтарға қатысы бар алаяқ  әйел ұсталды

Шымкентте жылжымайтын мүлікке қатысты 20 шақты қитұрқылықтарға қатысы бар алаяқ әйел ұсталды

Шымкентте жылжымайтын мүлікке қатысты 20 шақты қитұрқылықтарға қатысы бар алаяқ әйел ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

  • 7 Маусым 2005
  • 467
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хатшысының ақпаратына сәйкес, облыс орталығының 45 жастағы әйел тұрғыны адамдарды жылына 5 проценттік өсіммен ипотекаға пәтер рәсімдеп беремін деп уәде беріп, алдап соғатын болған. Ол өзін әкімшіліктің қызметкерімін деп таныстырған бір сыбайлас әйелмен бірге әрекет еткен. Қазіргі жағдаймен олардың қатысы бар 20-дай алаяқтық әрекеттер тіркелді. Алаяқтардан 68 азамат зардап шегіп, шығын көлемі 150 мың АҚШ долларын құрады.

Ұсталған әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «алаяқтық» жөніндегі 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Онмен сыбайлас әйелге іздеу жарияланды.

Перейти к новостям спорта