Қазақстанда оқытушылар мен студенттерді қорғау жөніндегі қоғамдық қозғалыс құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда оқытушылар мен студенттерді қорғау жөніндегі қоғамдық қозғалыс құрылды

Қазақстанда оқытушылар мен студенттерді қорғау жөніндегі қоғамдық қозғалыс құрылды

Қазақстанда оқытушылар мен студенттерді қорғау жөніндегі "Болашақ" атты қоғамдық қозғалыс құрылды. Бұл туралы бүгін, 7-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Болашақтың" орталық штабының жетекшісі Фархад Қасенов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Маусым 2005
  • 522
Фото - Caravan.kz

Ф.Қасеновтың хабарлауынша, «қозғалыстың басты мақсаты — білім беру қызметкерлері мен студенттер қауымын әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру» болып табылады. Оның айтуынша, білім беру саласындағы тауқыметтерді жою мәселесін саяси партиялардың басым бөлігі өз бағдарламаларына енгізгенімен, онысы «қағаз жүзінде қалып, декларация сипатынан әрі аспайды».

Қозғалыстың бастамашы тобының өкілдері бірқатар ұсыныстары бар екенін хабарлады. Атап айтсақ, «үкіметке оқытушылар мен мұғалімдердің жалақысын тағы да 30 процент ұлғайтуға қаржы табуды міндеттеу» ұсынылып отыр. Сонымен бірге «мұғалімдерді әлеуметтік және құқықтық қорғау деңгейін көтеріп, мұғалімге мемлекеттік қызметкер мәртебесін беру арқылы оның кәсіптік мәртебесін көтеру» ұсынылған.
Қоғамдық қозғалысты құрушылар алдағы уақытта оның саяси партияға айналу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Перейти к новостям спорта