Құрылтайға «Асар» республикалық партиясының саяси кеңесінің мүшелері, «Аймақ» депутаттық тобының мүшелері, партияның аймақтық конференциясында құррылтайға делегат болып сайланған партияның барлық аймақтардағы 130-дан астам белсенділері қатысуда.
«Асар» республикалық партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева негізгі баяндамашы ретінде сөз сөйлейді. Баяндамада бірнеше бағдарламалық мәлімдемелер жасалады деп күтілуде.
Құрылтай барысында «Асар» республикалық партиясы бағдарламасының жаңа нұсқасы бекітіледі. Партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізілмек. Сонымен бірге бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер сарапқа салынады деп күтілуде.