Министрліктің ақпаратына сәйкес, үңгірдің беткі топырақ қабаты опырылып кету салдарынан диаметрі 80 метр, тереңдігі 40-50 метрлік қуыс түзілген. «Новая» шахтасы «Қазақмыс» корпорациясының Белоусовка кенішіне қарайды.
Зардап шеккендер Шығыс Қазақстан облысы Уварово ауылындағы «Надежда» шаруа қожалығында істейтін адамдар екен.
Оларды құтқару шарасына 20 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылды.