Бүгін, 8-маусымда Байқоңырда «Прогресс М-53» жүк тасушы кемесіне зымырандық отын мен сұйытылған газ құйылады. «Прогресс» кемесімен «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыру 17-маусымға белгіленген. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және құрал-жабдықтар жеткізеді.
Сонымен бірге ғарыш айлағында ресейдің «Экспресс-АМЗ» телекоммуникацияқ жер серігін ұшыруға дайындық жүргізілуде. «Вымпел» конструкторлық бюросының мамандары «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының инструкторлық тобымен бірлесіп, алаңның монтаж-сынақ корпусында жер серігін тексеріп жатыр.
«ДМ» үдеткіш блогы бар «Протон-К» зымыран тасығышымен «Экспресс-АМЗ» ғарыштық аппаратын ұшыру 23-маусымға межеленген.