Көші-қон полициясының қызметкерлері Шымкентте мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының аясында салынып жатқан «Нұрсат» ықшам ауданында тұрақты рейдтер жүргізіп тұрады. Бұған дейінгі рейд осыдан үш күн бұрын ғана жүргізілген. Алайда, соңғы тексеру кезінде акт жасалған фирмаларда сол кемшіліктер қайтадан қайталанды. С.Халменовтың айтуынша, бұл компаниялар Өзбекстан мен басқа да елдерден келген адамдарды тиісті құжаттарды рәсімдемей-ақ жұмысқа қабылдай береді.
«Мигрант» шарасы жүзеге асырылған 7 күн ішінде көші-қон полициясының қызметкерлері көршілес мемлекеттерден келіп, облыста рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүрген 690 азаматты анықтады. Олардың арасынан Оңтүстік Қазақстан облысына заңсыз келген 71 адам елден қудаланды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану тәртіптерін бұзғаны үшін қазақстандық 5 фирма әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы да осындай 19 фирманы жауапкершілікке тартуға бағытталған іс материалдары әзірленуде. 33 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10-25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жүктеледі.