Қазақстандық банктер несиелердің проценттік сыйақысын төмендетіп, несиелендіру көлемін арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық банктер несиелердің проценттік сыйақысын төмендетіп, несиелендіру көлемін арттырды

Қазақстандық банктер несиелердің проценттік сыйақысын төмендетіп, несиелендіру көлемін арттырды

2005-жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкалардың төмендеу үрдісі байқалды. Мәселен, Ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы банктік емес заңды тұлғалар бойынша - 14,4%-дан 13,6%-ға дейін, ал жеке тұлғаларға - 20,4%-дан 19,9%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлбттық банкінен хабарлады.

  • 8 Маусым 2005
  • 533
Фото - Caravan.kz

Ұлттық валютадағы кредиттер бір айда 8,9% көбейді және 860,6 млрд. теңге болды, ал шетел валютасымен кредиттер 2,7% өсіп, 855,5 млрд. теңге болды. Нәтижесінде теңгелік кредиттердің жеке үлес салмағы 2004 жылғы наурызбен салыстырғанда 48,7%-дан 50,1%-ға дейін өсті.

Ұзақ мерзімді сияқты, қысқа мерзімді кредиттердің өсу үрдісі байқалады. Ұзақ мерзімді депозиттер 5,1%-ға өсіп, 1141,4 млрд. теңге болды, ал қысқа мерзімді кредиттер 6,9%-ға өсіп, 574,7 млрд. теңге болды. Жалпы алғанда ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 66,9%-тен 66,5%-ке дейін төмендеді.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттері 2005 жылғы сәуірде 2005 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,0%-ға ұлғайып, 334,4 млрд. теңге болды.
Экономикаға банктердің кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2005 жылғы сәуірде 5,7% көбейіп, 1716,1 млрд. теңге болды.

Перейти к новостям спорта