"Gold Product" АҚ-ның басшылығы мемлекеттік мекемелер компанияның қожайынын алмастыру үшін жұмысқа қасақана кедергі келтіріп отыр деген пікірде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Gold Product" АҚ-ның басшылығы мемлекеттік мекемелер компанияның қожайынын алмастыру үшін жұмысқа қасақана кедергі келтіріп отыр деген пікірде

"Gold Product" АҚ-ның басшылығы мемлекеттік мекемелер компанияның қожайынын алмастыру үшін жұмысқа қасақана кедергі келтіріп отыр деген пікірде

"Бірқатар мемлекеттік мекемелердің "Gold Product" АҚ-ына алдын-ала ойластыра тіс батыруы - компанияның қожайынын алмастыру үшін қасақана жұмысқа кедергі келтіру әрекеті- ау деген ойға жетелейді". Бүгін, 8-маусымда Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында "Gold Product" АҚ бас директорының орынбасары Борис Каломийченко осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Маусым 2005
  • 502
Фото - Caravan.kz

Мәселен, компания басшылығының пайымдауынша, қаржы полициясы қылмыстық іске қатысты материалдардың мән-жайын қасақана БАҚ-тарға таратып жіберген. Сонымен бірге бұл мәселені 20-мамырда Елбасының қатысуымен өткізілген ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында қарау — «мемлекет басшысын әдейі жаңылыстыру және сот мәжілісі өтпей жатып, компания басшылығының кінәлілігі туралы мәселені алдын-ала шешуге» жасалған қадам деп санайды.

Компаниядағылар сонымен бірге қылмыстық істі тексеру барысында тергеушілер Қылмыстық процессуалдық кодекстің талаптарын өрескел бұзуда деп мәлімдеді. Жалған дәлелдер келтіру, негізсіз тінтулер жүргізу, негізсіз тәркілеу және қамауға алу, айыпталушылар құұығын өрескел бұзу, олардың адвокаттарының жұмысына кедергі келтіру оқиғалары орын алуда,- деді баспасөз мәслихатына қатысушылар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Gold Product» АҚ-ның директорлары кеңесінің төрағасы Юрий Вегелин мен «Түрген» өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Вера Кравцоваға қатысты қылмыстық істер 2004-жылдың қазан айынан бері тексерілуде. Оларға заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылданған, тұтынушарды алдаған және салқтан жалтарған деген айыптар тағылды.
ҚР президенті іс басқармасының медициналық орталығы, Астана қалалық «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ мен сот сараптамасы орталығында жүргізілген сараптамалар қорытындысы «Gold Product» өнімдерінің мемлекеттік стандарттарға сәйкессідігін көрсетті. Қаржы полициясының мәліметі бойынша, В.Кравцованың қысымымен өндірістік кооперативтің технологтары шарап материалдарын қызыл бояумен бояп, оны шарап сусынына айналдырып келген. Жалпы алғанда шарап және шарап сусындарының 66 түрі саудадан алынды. Олардың арасында «Сладость лозы», «Нектар Тургеня», «Тургеньское золотое», «Тургеньский бриллиант саперави», «Кагор», «Старый замок», «Жемчужина» сынды танымал маркалар бар.

Перейти к новостям спорта