Қазақстан президенті Астана туралы "Еуразияның жүрегінде" атты жаңа кітабының тұсаукесерін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Астана туралы "Еуразияның жүрегінде" атты жаңа кітабының тұсаукесерін жасады

Қазақстан президенті Астана туралы "Еуразияның жүрегінде" атты жаңа кітабының тұсаукесерін жасады

Бүгін, 9-маусымда "Ақ орда" сарайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана туралы "Еуразияның жүрегінде" атты жаңа кітабының тұсаукесерін жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2005
  • 10010
Фото - Caravan.kz

«Бұл кітап біздің қазіргі замандастарымызға ғана емес, сонымен бірге болашақ ұрпақ үшін де қызғылықты туынды болады деп сенемін»,- деді Елбасы. «Астананың тарихы — тәуелсіз Қазақстанның тарихы».

Республика астанасын көшіру туралы шешім бірден қабылданған жоқ, деді Н.Назарбаев. «Ол үшін мен ұзақ ойланып, барлық қадамдарды болжап, тарихшылар, саясаттанушылар мен мәдениет зерттеушілермен ақылдасып, әр елдердегі астана ауыстыру тарихымен танысып шықтым»,- деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының пайымдауынша, жаңа Елордасы өзгерістердің нышанына айналуға тиіс. «Астана шын мәнінде осындай қала»,- деді Н.Назарбаев.
Бүгінде Астана қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бет-бейнесіне, Қазақстан экономикасын алға сүйреуші локомотивке айналды. Астананы салуға жұмсалған инвестиция көлемі 2 млрд. долларды құрайды. Оның небәрі 10 проценті ғана бюджет қаржысы, деді президент. Астананы салу — Жалпы ішкі өнімнің 2 процентін құрап отыр.
Бұрынғы үйреншікті үлгілер мен қазіргі заманғы ультрамодернистік үлгінің бір уақыттағы үйлесімділігі принципіне негізделген Астананың сәулет стилін Елбасы ерекше бағалады. «Ол заңды құбылыс. Өйткені, Астана — Еуразияның қақ жүргегіндегі қала. Бұл жерде түрлі өрнкениттердің өкілдері келісім мен үйлесім аясында бейбіт қатар күн кешіп, сан алуан мәдениеттер мен салт-дәстүрлер сабақтасып жатыр»,- деді ол.
Елбасының пайымдауынша, Астанан қалалық әкімшілігі бүгінде қала аумағында кәсіпкерлікке экономикалық қолдау көрсету, қала тұрғындарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, экологиялық тұрғыда қолайлы тіршілік ортасын қалыптастыру сынды айрықша маңызды үш принципті сатылы түрде жүзеге асыруды мақсат етіп қоюға тиіс.

Перейти к новостям спорта