Солтүстік Қазақстан облысында Астана -Петропавл автожолының 353-шақырымында «ГАЗ-330023» және «ВАЗ-21099» автокөліктері соқтығысу салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды.
Атырау облысында «Жигули» мен «Газель» шағын автобусының соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тәслім етті. «Газельде» отырған бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір жол апаты Астанада болды. Мұнда «Мерседес» пен «Жигули» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды.