11-маусымға қараған түні Түркістанда жеке меншік үйдің ауласындағы 15 метрлік құдықтан құтқарушылар 5 жастағы баланың мәйітін алып шықты. Қазір өлімнің себептері анықталу үстінде.
12-маусымда Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы бір үйдің ауласында шөп сақтайтын қора өртенді. Қораның ішінде қалып қойған 4 жасар бүлдіршін қызды құтқару мүмкін болмай қалды.
13-маусымда құтқарушылар Текесу өзенінен 9 жастағы ұлдың мәйітін тауып алды. Ол жуырда ғана жоғалып кеткен болатын. Күндіз үйінен атқа мініп шыққан ұл қайтадан оралған жоқ. Соңынан өзен жағалауынан оның аяқ киімі табылды. Шақыру бойынша оқиға орнына келген 8 құтқарушы өзеннің әрбір шаршы метрін сүзіп шықты.
Биыл осымен 16 жасқа дейінгі 19 бала суға кетті. Жалпы судан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті.