Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Сабантой тұқым себу науқаны аяқталғаннан кейін тойланады. Семей өңірінде биыл бұл той 15-ші мәрте тойланып отыр. Ғ.Ахунжановтың айтуынша, ежелден келе жатқан дәстүрге сәйкес, тұқым себу науқанынан кейін Семейлік татарлар қаладағы көрікті жерлердің бірі болып табылатын Полковник аралында жиналатын болған. Олар алдағы жоспарды белгілеп, атқарылған шаруаны қорытып қана қоймай, самаурынды айнала бас қосып, көңіл көтеретін болған. Бұл дәстүр күні бүгінге сақталып келеді. Сабантой әлі де аталмыш аралда тойланады. Биыл бұл тойға бірнеше мың адам жиналмақшы.
Сабантой шеңберінде татар ұлттық-мәдени орталығының жанынан құрылған мұражай арнаулы көрме ұйымдастырады. Ол татар халқының тарихынан, салт-дәстүрлері мен жетістіктерінен сыр шертеді. Сонымен бірге Семейліктер мен қала қонақтарына арнап мәдени бағдарламалар мен мерекелік концерт дайындалған.
Ғ.Ахунжановтың айтуынша, қазіргі жағдаймен Семейде 15 мыңдай татар отбасылары тұрады.