Президент валюталық реттеу туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент валюталық реттеу туралы заңға қол қойды

Президент валюталық реттеу туралы заңға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев валюталық реттеу туралы заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Маусым 2005
  • 559
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық банкінің бастамасымен жасалған бұл заң жобасы валюталық реттеуді оңтайландыру, капитал ағыны туралы ақпараттық базаның қайнар көздері мен параметрлерін жетілдіру арқылы сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылар үшін валюталық режимді одан әрі ырықсыздандыруға нақты бағдар ұстану мақсатымен жасалған.

Заң бойынша республикадан қолма-қол шетел валютасын шығаруға салынған шектеуді алып тастайды. Құжат мәтініне сәйкес, резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағынан 10 мың АҚШ долларынан артық көлемде қолма-қол шетел валютасын шығарған жағдайда республиканың кеден мекемелеріне 10 мың доллардан артылған ақшаның шығу тегінің заңдылығын дәлелдейтін құжаттарды көрсетуі тиіс. Шетелдерге шығарылатын валютаның заңдылығын дәлелдейтін құжаттардың тізімін ҚР Ұлттық банкі бекітеді.
Сонымен бірге құжат валюталық операцияларды жүргізуге лицензия беру режимінің орнына тіркелу және хабардар ету жүйесіне көшуді заңдастырады.

Перейти к новостям спорта