Мәскеуде Қазақстан мен Ресей өкілдері қор рыноктарын интеграциялау мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей өкілдері қор рыноктарын интеграциялау мәселелерін талқылайды

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей өкілдері қор рыноктарын интеграциялау мәселелерін талқылайды

16-маусымда Мәскеуде "Қазақстан-Ресей" іскерлік клубында қор рыноктарын интеграциялау мәселелерін талқылауға арналған жиын өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның РФ астанасындағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2005
  • 388
Фото - Caravan.kz

Кездесуде екі елдің қор рыногына кәсіби қатысушыларды өзара алмастыру, құнды қағазардардың эмиссиясын бір-бірінің рыногына шығаруды ұйымдастыру, қор рыноктарын дамыту саласы бойынша Қазақстан мен Ресейдің өзара ықпалдастығы туралы мәселелер талқыланады.

Клубтың жиынына ҚР парламентінің мәжілісі мен РФ Мемлекеттік думасының депутаттары, қор рыногының жұмысын реттеуші қазақстандық және ресейлік мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, қор рыногының кәсіби қатысушылары атсалысады.