Республиканың бас прокуроры есірткі саудасымен күрес жөніндегі комитеттің жұмысын тиімсіз деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың бас прокуроры есірткі саудасымен күрес жөніндегі комитеттің жұмысын тиімсіз деп санайды

Республиканың бас прокуроры есірткі саудасымен күрес жөніндегі комитеттің жұмысын тиімсіз деп санайды

"ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетінің іс-қызметі көңіл көншітпейді". Бүгін, 14-маусымда Бас прокуратураның алқа мәжілісінде ҚР Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Маусым 2005
  • 734
Фото - Caravan.kz

«Елімізде тіркеуге алынған есірткіге қатысты қылмыстардың саны азая түскеніне қарамастан, заңсыз айналымнан шығарылған есірткі заттарының мөлшері барған сайын арта түсуде. Бұл мемлекеттік мекемелер, соның ішінде есірткі саудасымен күрес жөніндегі комитет тарапынан қолданылатын шаралардың тиімсіздігіне дәлел бола алады»,- деп мәлімдеді Р.Түсіпбеков. Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, елімізде тіркелген есірткіге қатысты қылмыстар саны 2004-жылы 19 процентке кеміген. Егер 2001-жылы есірткіге қатысты 23 632 қылмыс тіркелсе, 2004-жылы бұл сан 9748-ге дейін азайды. «Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл ағым сақталды»,- деді бас прокурор. Сонымен бірге 2005-жылдың бірінші тоқсанында елімізде есірткіге қатысты қылмыстар бойынша қылмыскерлерге қолдау көрсеткені үшін құқық қорғу мекемелерінің 10 қызметкерінің үстінен 9 қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокурордың пайымдауынша, «осындай әрекетсіздікті жалғастыра беретін болсақ, қылмыстық топтар тарапынан ұлттық қауіпсіздікке қатер төне бастауы ықтимал».
Ал ҚР ІІМ-нің орынбасары, есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Выборовтың пайымдауынша, ол басқаратын бөлімше құрылғалы бір жылдан бері еліміздегі есірткі саудасымен күрес саласында біраз іс тындырды. «Алға қойған ауқымды мақсаттарды ІІМ-нің 580 қызметкерінің күшімен ғана шешуге тура келгеніне қарамастан, осы мерзімде біз 22 тоннадан астам есірткіні айналымнан шығарып, есірткі саудасымен шұғылданатын 15 қылмыстық топтың іс-қызметін тоқтаттық»,- деді А.Выборов.
Комитет жұмысының тиімсіздігіне А.Выборовтың пікірінше, тек қызметкерлер санының аздығы ғана әсер етіп отырған жоқ. «Комитет қызметкері үшін есірткі саудасымен шұғылданатын шортандардан гөрі, 10 шабақты ұстап, қылмыстарды ашу көрсеткішін көтеру тиімдірек болатындай жағдай қалыптасып отыр»,- деді ол.
Сонымен бірге А.Выборовтың пікірінше, есірткі саудасымен күреске «заңдардың жұмсақтығы да қолбайлау болуда». «Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, есірткіге қатысты қылмыстар үшін жүктелетін жазаны күшейту, тіпті өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ахуалды тұрақтандырады немесе әжептәуір жақсартады»,- деді ол.
ҚР ІІМ орынбасарының баяндамасын тыңдаған Р.Түсіпбеков «есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеттің өз аясында орталық аппарат пен аумақтық органдар арасында, қала берді комитет пен ІІМ-нің арасында нақты ықпалдастық жоқ» деген тұжырымға келді. Бас прокурор ҚР ІІМ аясында бюджет қаржысын пайдалану, соның ішінде комитеттің іс-қызметін қамтамасыз етуге арналған қаржының пайдаланылу тиімділігіне тексеру жүргізуге тапсырма берді.
ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бүгінгі алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша ІІМ-іне таныстыру енгізіліп, президент әкімшілігі мен үкіметке ІІМ-нің құрылымдары арасындағы қылмыспен күрес саласындағы ықпалдастықты жақсартуға бағытталған талдамалық ақпарат жолданады.

Перейти к новостям спорта