Елбасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысын өкілетті мерзімі аяқталуға байланысты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысын өкілетті мерзімі аяқталуға байланысты қабылдады

Елбасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысын өкілетті мерзімі аяқталуға байланысты қабылдады

Бүгін, 14-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы өз резиденциясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысы Ян Кубишті өкілетті мерзімі аяқталуға байланысты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне президентттің баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 14 Маусым 2005
  • 488
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Орталық Азия аймағындағы ағымдағы ахуал төңірегінде пікір алмасылды.

Н.Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысы ретіндегі көп жылғы қызметі үшін Я.Кубишке ризашылық білдіріп, осы мерзімде Қазақстан мен аталмыш халықаралық ұйым арасындағы ықпалдастықтың жаңаша сапалық деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Перейти к новостям спорта