Р.Холбрук бірақ Елбасының дәл қандай мәлімдеме жасайтынын нақтылаған жоқ. Азия қоғамы төрағасының мәлімдеуінше, «конференцияның мақсаты — халықаралық іскерлік қоғамдастыққа өз экономикасын дамыту үшін Қазақстан тарапынан таяу болашақта қандай қадамдар жасалғалы жатқанын паш ету болып табылады».
«Қазақстан — аймақтағы ең жоғары дамыған көшбасшы ел болғандықтан, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік перспективалары жалпы осы өңір үшін және дүниежүзі үшін айрықша маңызға ие»,- деді ол.
«Ертең конференция өз жұмысын үлкен қарқынмен жалғастырады. Ол аса қызғылықты және жемісті бас қосу болады»,- деді Р.Холбрук. Форумға түрлі елдерден келген 600-ден астам өкілдер қатысуда.