ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасы алыс және жақын шетелдерде үш өкілдік ашуды межелеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасы алыс және жақын шетелдерде үш өкілдік ашуды межелеп отыр

ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасы алыс және жақын шетелдерде үш өкілдік ашуды межелеп отыр

Алдағы екі-үш айда ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасы алыс және жақын шетелдерде үш өкілдік ашуды межелеп отыр. Бұл туралы бүгін, 14-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Абылай Мырзахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Маусым 2005
  • 668
Фото - Caravan.kz

«РФ сауда-өнеркәсіптік палатасы елімізде, ал біз Ресейде өз өкілдігімізді ашуды көздеп отырмыз. Екінші өкілдік ҚХР-дан елімізге экспортталатын өнімдердің 75 проценті өндірілетін Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағында, ал үшіншісі Ташкентте ашылады»,- деді А.Мырзахметов.

«Қазіргі таңда Өзбекстанның экономикасы Қазақстанмен салыстырғанда төменгі деңгейде дамыған. Соған қарамастан, осынау ауқымды рынок ерте ме, кеш пе әйтеуір ашылатыны белгілі. Сондықтан оған дайын болу керек»,- деді ол.
А.Мырзахметовтың айтуынша, өкілдіктерді ашу үшін кем дегенде 100 мың доллар қажет.

Перейти к новостям спорта