Қырғызстан парламенті депутаттың өліміне қатысты ақпарат үшін 25 мың доллар төлеуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті депутаттың өліміне қатысты ақпарат үшін 25 мың доллар төлеуге дайын

Қырғызстан парламенті депутаттың өліміне қатысты ақпарат үшін 25 мың доллар төлеуге дайын

Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутат Жырғалбек Сурабалдиевті өлтірген қылмыскерлерді құрықтауға қолұшын беретін ақпарат үшін сыйақы ретінде 25 мың доллар немесе 1 млн. сом тағайындады. Бүгін, 14-маусымда депутаттар осындай шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Маусым 2005
  • 409
Фото - Caravan.kz

Жогорку кенештің баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, бұл қаржы Қырғызстан парламентінің бюджетінен бөлінбек.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ж.Сурабалдиев 10-маусым күні Бішкек қаласының орталығында кісі қолынан қаза тапқан болатын. Оны белгісіз біреулер автокөліктен жанынан өте беріп атып кеткен. Алдын-ала расталмаған мәліметке сәйкес, қылмыс жасалған автокөлік Бішкектен бірнеше шақырым жерден өртенген күйде табылды.
Бүгін, 14-маусымда Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Таштемір Айтбаев Қырғызстан парламентінің жиналысында депутат Жырғалбек Сурабалдиевтің өліміне қатысы бар үш күдіктінің ұсталғанынан құлағдар етті.

Перейти к новостям спорта