«Өзбекстан мен Қырғызстанда болған оқиғалар бізді қатты алаңдатады»,- деді Қ.Тоқаев.
Осы орайда ҚР СІМ «Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан республикалары 1998-жылы ішкі достық пен ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойғанын еске салды. «Қазақстан аталмыш елдермен арадағы ұзақ мерзімді қарым-қатынасты бағалайды және біздің болашақ тағдырымыз ортақ рынок аясында және Қазақстан президенті ұсынған Орталық Азия елдерінің одағы аясында да ортақ болуға тиіс деп санайды»,- деп мәлімдеді Қ.Тоқаев.
«Біз аталмыш елдерде болып жатқан барлық оқиғаларды жіті қадағалап отырамыз және бұл елдердің халықтарына тұрақтылық пен ілгерілеушілік тілейміз»,- деді ол.
«Бұл елдер қандай қиындықты да еңсере алады, өйткені, Өзбекстан мен Қырғызстанның әлеуеті жоғары»,- деді ҚР СІМ.