Қазақстан АҚШ-тың еліміздегі экономикалық мүддесін қандай тәсілмен де қорғауға дайын -Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан  АҚШ-тың еліміздегі экономикалық мүддесін қандай тәсілмен де қорғауға дайын -Тоқаев

Қазақстан АҚШ-тың еліміздегі экономикалық мүддесін қандай тәсілмен де қорғауға дайын -Тоқаев

"Қазақстан АҚШ-тың еліміздегі экономикалық мүддесін құқықтық және қандай да тәсілмен қорғауға дайын". Бұл туралы бүгін, 15-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясы барысында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Маусым 2005
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанға әкелінген шетелдік инвестицияның 50 проценті АШТ-тың үлесіне тиетіні үшін ризашылық білдіреміз»,- деді Қ.Тоқаев. «Біз АҚШ-тың ірі компанияларымен арадағы келісімдердің мызғымастығына кәміл сенеміз және өз ұстанымымызды қандай жағдайда да өзгертпейміз»,- деді ҚР СІМ.

«Алайда, біздің АҚШ-пен ынтымақтасты қолдау саясатымыз доллардың ғана көмегімен басқарылмайды. Біз бұл елмен қазіргіден де кең көлемді байланысқа сенім артамыз»,- деді Қ.Тоқаев. «Дәл осындай себеппен Қазақстан алдын-ала қандайбір талап немесе шарт қоймастан АҚШ-тың әскери авиациясына өзінің әуе кеңістігін ашты»,- деп еске салды еліміздің сыртқы саясат мекемесінің басшысы.
«Ирактағы әскери операциялардың заңдылығына қатысты халықаралық пікірталастарды доғаратын мерзім жетті»,- деп пайымдайды Қ.Тоқаев. «Қазір біз бұл елді аймақтағы демократия орнатудың табысына үлгі ретінде алға тартатын елге айналдыру үшін күш біріктіру қажет»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта