ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының басшысы Рушайло Қырғызстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының басшысы Рушайло Қырғызстанға келеді

ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының басшысы Рушайло Қырғызстанға келеді

15-17-маусым күндері ТМД Атқару комитетінің төрағасы - ТМД атқарушы хатшысы, ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының басшысы Владимир Рушайло Қырғызстанға келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2005
  • 450
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, В.Рушайло Қырғызстан Республикасының бірінші вице-премьері міндетін атқарушы Феликс Куловпен, Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Туйғунаалы Әбдірайымовпен кездеседі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауына бақылау жасау жөніндегі ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының штабы 2005-жылдың 6-маусымында іске кірісті. Миссия сайлау науқанына ұзақ және қысқа мерзімді негізде мониторинг жүргізеді. Дауыс беретін күні миссия өкілдері Қырғызстанның барлық өңірлерінде өз функциясын атқаратын болады. Қырғызстан президентінің сайлауы 10-шілдеге белгіленген.

Перейти к новостям спорта