14-маусым, сейсенбіде беймәлім бір қылмыскер бытыралы мылтықтан 38 жастағы кәсіпкерге қаратып оқ атқан. Қастандық оқиғасы жәбірленушінің үйінің жанында болды. Иығы мен кеудесінен жараланған кәсіпкер жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Тәртіп сақшылары бұл қастандық кәсіпкердің іс-қызметіне қатысты деп санамайды, өйткені, ол ауқатты адамдар қатарына жатпайды . Қазір бұзақылық немесе өшпенділік жөніндегі болжамдар қарастырылып жатыр.
Бұл — осы өңірде қасақана кісі өлтіруге жасалған жыл басынан бергі 20-шы әрекет.