Қазақстандық депутаттар ТМД парламентаралық ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының жиынына, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының бюросына, сондай-ақ, тоғызыншы мәрте өткізіліп жатқан Петербург экономикалық форумына қатысады. Биылғы форум «Тиімді экономика — жырғаулы өмір» деген ұран бойынша өткізілуде. Форум аясында ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің ІХ сессиясы өтеді. Онда жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыру жайы қаралады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының бюросында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың доктринасының жобасын жасау жайы пысықталады.