«Біз су-энергетикалық және көлік консорциумдарын құру жөнінде Орталық Азиядағы көршілерімізбен ортақ мәмілеге келдік»,- деді президент.
«Бір-бірімізге шекарамызды ашу, біртұтас рынок пен кедендік кеңістік қалыптастыру үшін Орталық Азия елдерінің одағын құру және осы жөніндегі келісімдерге қол қою туралы үндеуді мен өз жолдауымда жария еттім»,- деді Елбасы. «Бүгінгі талқылау қорытындысы Еуропалық қайта құру және даму банкі мен басқа да банктермен бірге аймақ үшін мұндай бірлестіктің қажет екенін көрсетіп берді». «Инвесторлар кеңесінің пікір-көзқарастары осындай интеграциялық бірлестікті тез арада құруға жәрдемдеседі»,- деді ол.
1993-жылдан бері Қазақстан Еуропалық қайта құру және даму банкінің 1 млрд. доллардан астам инвестициясын тұтынды. «Инвестициялардың 60 проценті жеке меншік секторға, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуға жұмсалды. Ал қазір біз инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тартуға ден қойдық»,- деді Н.Назарбаев.