Теңіздегі Аташ кенішінде алғашқы ұңғы 2006-жылғы көктемде бұрғыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңіздегі Аташ кенішінде алғашқы ұңғы 2006-жылғы көктемде бұрғыланады

Теңіздегі Аташ кенішінде алғашқы ұңғы 2006-жылғы көктемде бұрғыланады

Бірлескен "Достық" жобасының аясында "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ мен "Lukoil Overseas Holding Ltd" компаниялары игеретін теңіздегі Аташ кенішінде жүзеге асырылған сейсмологиялық барлау қорытындысы блоктағы бұрғылау шараларын 2006-жылғы көктемде қолға алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Lukoil Overseas Holding Ltd" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Маусым 2005
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Аташ кенішіндегі теңіздегі барлау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық байқауда жеңіске жеткен «НЭКФ «Optimum» ЖШС атқарып шықты. Компания озық технология мен жабдықтарды пайдалану негізінде экологиялық стандарттар мен нормаларды қолдану негізінде жүзеге асырды.

Аташ кеніші Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты орталық бөлігінде орналасқан. Учаскенің болжамдық геологиялық қоры 141,7 млн. тонна мұнайға тең. Ал шартты отынмен есептегенде бұл 248,8 млн. тоннаны құрайды.

Перейти к новостям спорта