Қазақстан ҚХР-мен арадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ҚХР-мен арадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтті

Қазақстан ҚХР-мен арадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтті

Қытай Халық Республикасында құс тұмауының етек алуына байланысты Қазақстан екі ел арасындағы мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтті. Бұл туралы бүгін, 20-маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары - республиканың бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Маусым 2005
  • 515
Фото - Caravan.kz

«Қытайдың мал дәрігерлік қызметі республиканың батыс бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысымен арадағы шекарадан 25 шақырым жерде құс тұмауының белгісі бар 1042 қаз табылған. 460 құс шығынға ұшырады»,- деді бас санитарлық дәрігер. А.Белоногтың айтуынша, Қытайдың мал дәрігерлік қызметтері індет ошағында 13 мың құстың көзін құртып, сол төңіректегі барлық құс фабрикаларындағы үй құстарына вакцина еккен.

Бүгінде ҚР денсауылық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарадағы өткелектерде құс шаруашылығы өнімдерін елге енгізуге шектеу қойды, деді А.Белоног. Сонымен бірге ҚХР-мен қарым-қатынасы бар халықаралық әуежайларда санитарлық-карантиндік бақылау енгізілді. Мәселен, Алматы және Астана халықаралық әуежайларында дене қызуы көтерілген адамдарды анықтау үшін тепловизорлар орнатылған. Сонымен бірге медициналық мекемелер, темір жол және әуе транспорты қызметкерлері құс тұмауын анықтау әдістеріне оқытылды.
Бүгін түстен кейін А.Белоног басқарған ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері ахуалды жергілікті жерде қадағалау үшін Қазақстан-Қытай шекарасына аттанбақшы.

Перейти к новостям спорта