БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасы Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес "Босқындар туралы" заң қабылданады деп сенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасы Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес "Босқындар туралы" заң қабылданады деп сенеді

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасы Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес "Босқындар туралы" заң қабылданады деп сенеді

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасы Қазақстанда бірнеше айда халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген "Босқындар туралы" заң қабылданады деп сенеді. Бұл туралы бүгін, 20-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасының Қазақстандағы миссиясының басшысы міндетін атқарушы Сезар Дюбон құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Маусым 2005
  • 614
Фото - Caravan.kz

С.Дюбонның айтуынша, Қазақстан үкіметі БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасын қазіргі қолданыстағы «Босқындар туралы» заңға негізделетін заң жобасында босқындар құқығы толыққанды ескеріледі деп сендірді.

Қазір бұл миссия тек аталмыш заң жобасына ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы босқындар ахуалын заңдық тұрғыда тәртіпке келтіру үшін «Қазақстандағы көші-қон туралы» сияқты басқа да қосалқы заңдарға енгізілетін өзгерістер бойынша жұмыс істеуде. «Өз тарапынан Қазақстан басшылығы өз мүддесін қорғап бағуда. Және бұл позиция бірлескен жұмыстарға жақсы негіз қалауда»,- деді С.Дюбон.
Сонымен бірге миссия жетекшісінің айтуынша,»басқарма қазір босқындар мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасының юрисдикциясына кіретін тұлғаларға санақ жүргізбекші». Ондағы мақсат — Қазақстандаы босқандар санын нақтылау. С.Дюбонның айтуынша, қазір Қазақстанда Ауғанстан, Тәжікстан және Шешенстаннан келген 15-16 мыңдай босқандар тұрады.

Перейти к новостям спорта