Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

24-маусым, жұмада Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Заробиддин Сироджев хабарлады.

  • 20 Маусым 2005
  • 339
Фото - Caravan.kz

З.Сироджевтің айтуынша, кездесудің басты тақырыбы «Жауынгерлік ынтымақтастық-2005» бірлескен жаттығуларына арналады. ТМД-ға қатысушы елдердің әуеден қорғаныс күштері қатысатын бірлескен жаттығулар Ресейдің Астрахань облысындағы Ашулық полигонында өтеді.

Сонымен бірге кездесуге қатысушылар ТМД аясындағы біріккен әуеден қорғаныс күштерінің болашақ іс-қызметі, ТМД-ға қатысушы елдердің әскери әуе күштері ұшырылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ТМД қорғаныс министрлері кеңесі мен оның жұмысшы органдарының іс-қызметін қаржыландыру мәселелерін талқылайды.

Перейти к новостям спорта