ЕурАзЭҚ мемлекет басшылары Мәскеуде Қоғамдастық аясында ортақ кедендік тариф қалыптастыру барысын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ мемлекет басшылары Мәскеуде Қоғамдастық аясында ортақ кедендік тариф қалыптастыру барысын талқылайды

ЕурАзЭҚ мемлекет басшылары Мәскеуде Қоғамдастық аясында ортақ кедендік тариф қалыптастыру барысын талқылайды

22-маусымда Мәскеуде ЕурАзЭҚ мемлекет басшылары мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысында Қоғамдастық аясында ортақ кедендік тариф қалыптастыру барысын талқылайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Маусым 2005
  • 562
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге саммит барысында 2003-2006-жылдарға арналған ЕурАзЭҚ-ты дамытудың басымдық берілген бағыттарын жүзеге асырудың 2004-жылғы және алдағы жылдардағы шаралары талқыланады. Сонымен бірге мемлекетаралық банктің халықаралық инвестициялық-несиелік және есептік ұйым функцияларын жүзеге асыру жайы да сарапқа салынады. Саммитте сонымен бірге мемлекетаралық кеңестің бұған дейінгі отырысында қабылданған ЕурАзЭҚ елдерінің Сырдария және Әмудария бассейні су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі шешімінің орындалу барысы талқыланады. Бұған қоса Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту бағытындағы келіссөздерде ЕурАзЭҚ елдерінің ұстанымын үйлестіру төңірегінде пікір алмасылады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің валюта саласындағы ынтымақтастық туралы тұжырымдамасы, интеграциялы валюта рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, мемлекеттік шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда шекаралық мекемелердің өзара ықпалдастығы туралы келісім, ЕурАзЭҚ елдерінің экономикалық даму деңгейін паш ететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді келісу ережелері, ЕурАзЭҚ аясындағы мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға арналған арнаулы қор қаржысын пайдалану және қалыптастыру тәртіптері туралы ережелердің жобасы қаралады.
Сонымен бірге ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы мен оның орынбасарын, сондай-ақ, Қоғамдастық интеграциялық комитетінің төрағасын сайлау межеленген.

Перейти к новостям спорта