Қазақстан Жапония үкіметінің грантын тарту туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Жапония үкіметінің грантын тарту туралы келісімді бекітті

Қазақстан Жапония үкіметінің грантын тарту туралы келісімді бекітті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан және Жапония үкіметтері арасында "Алматыдағы Республика сарайына музыкалық жабдықтар сатып алу" туралы жобаны жүзеге асыру үшін Жапония үкіметінің грантын тарту туралы нота алмасу түріндегі келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2005
  • 500
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жапония үкіметі Алматыдағы Республика сарайына музыкалық жабдықтар сатып алуға 49 млн. 800 мың йен көлемінде грант бөлмекші. Грант қаржысына Қазақстан аумағында сатып алынатын құрал-жабдықты ел ішінде тасымалдауға байланысты шығындарды «Республика сарайы» РМК өз есебінен өтейді.

Келісімге Қазақстан және Жапония сыртқы істер министрлері 2004-жылдың 27-тамызында Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің желісімен дамуға ресми көмек бағдарламасының аясында қол қойған. 2005-жылдың наурыз айының басында келісімнің мерзімін 2006-жылдың 31-наурызына дейін ұзарту үшін ҚР СІМ мен ҚазақстандағыЖапония елшілігі арасында нота алмасу шарасы іске асырылды.

Перейти к новостям спорта