Қазақстан президенті кеден кодексіне енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті кеден кодексіне енгізілетін түзетулерге қол қойды

Қазақстан президенті кеден кодексіне енгізілетін түзетулерге қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2005
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжаттың мақсаты — құқықтық тәжірибені ескеру негізінде кедендік әкімшілікті одан әрі жетілдіру болып табылады. Енгізілген өзгерістердің көмегімен Кеден кодексінің нормалары басқа салалардағы заңнамалық актілерге сәйкестендіріледі. Түзетулер сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталады.

Атап айтсақ, заңда сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар үшін ішкі кедендік транзиттік процедураларды жеңілдетуге бағытталған, сондай-ақ, тауарларды уақытша сақтау қоймасына жібермей-ақ тасымалдау мүмкіндіктерін қарастырған бірқатар ережелер енгізілді. Темір жол транспортымен тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеуді пәрмендендіру және жеңілдету үшін арнаулы норма енгізіліп, соған сәйкес, «тауардың жеткізілгендігін қадағалау құжатын декларант немесе тасымалдаушы (экспедитор) толтырады, ал көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда кедендік мекеменің лауазым иесі толтырады» деп көрсетілді. Депутаттардың пікірінше, бұл норма шекаралық өткелектерде кедендік процедураларды жүзеге асыру барысында көлік құралдарының қаңтарылып тұру мерзімін біршама азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге құжатта тауарды реэкспорттау барысында төленген кедендік алымдар мен салықтарды қайтару тәртіптері, төлем иесінің берешектеріне өсімпұл есептеу тәртіптері, сондай-ақ, жүк тасымалына толтырылатын кедендік декларацияға балама құжаттарды пайдалану жағдайларына қатысты тәртіптер реттеледі. Сонымен қатар санаткерлік меншік обьектісіне саналатын тауарды реестрге енгізу тәртіптері Санаткерлік меншік құқығының сауда-саттық аспектілері жөніндегі келісімнің ережелеріне сәйкестендірілді.

Перейти к новостям спорта