Мәжіліс депутаттары президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты Конституциялық кеңеске сұрау салмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары  президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты Конституциялық кеңеске сұрау салмақшы

Мәжіліс депутаттары президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты Конституциялық кеңеске сұрау салмақшы

Мәжіліс депутаттары президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты Ата заңның 94 және 41-баптарына түсініктеме беруді өтініп, Конституциялық кеңеске сұрау салмақшы,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 22 Маусым 2005
  • 565
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8-маусымдағы мәжілістің жалпы отырысында депутат Валерий Котович ҚР әділет министрі мен Орталық сайлау комиссиясы төрағасының атына сұрау салған болатын. Онда халық қалаулысы аталмыш мекеме басшыларынан қоғамдағы түрлі пікірталастарды алға тарта отырып, президент сайлауының мерзімін нақтылауды өтінді.

Бүгін, 22-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында әділет министрі Зағипа Балиева мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков президент сайлауы 2006-жылдың желтоқсан айында өткізілуі тиіс деген бұған дейінгі пікірлерін тағы бір растады. Осы орайда З.Балиева «президент сайлауының мерзімі шын мәнінде де қоғамдағы айрықша өзекті әрі мейлінше саясиланған мәселе екенін» атап өтті. Әділет министрі депутаттарға Конституциялық кеңестен ахуалға ресми түсініктеме беру жөнінде сұрау салуға кеңес берді.
Талқылау барысында мәжіліс депутаты Нұрбақ Рүстемов президент сайлауын 2005-жылғы желтоқсан айында өткізу қажет деген пікір білдірді. «Жеті жылдық өкілеттілік мерзімге біз бағынуға тиіспіз»,- деді ол. Депутаттың пікірінше, президент сайлауын 2005-жылғы желтоқсан айында өткізу, инаугурация шарасы мен сайланған президенттің 2006-жылғы қаңтар айында қызметке кірісуі — Конституция қағидаларына толық сәйкеседі.
Н.Рүстемовтың пікіріне депутат Ерасыл Әбілқасымов қолдау білдірді. «Президенттің 11 ай заңсыз қызмет атқаруы дүниежүзінде түрлі әңгімелер тудыратыны анық»,- деді ол. Осыған байланысты депутат «биылғы жылдың тамыз айында бас қосып, сайлауды 2005-жылдың 4-желтоқсанына белгілеуді» ұсынды.
Алайда, бұған дейінгі депутаттық сауалдың авторы В.Котович басқарған бір топ депутат Ата заңның 94 және 41-баптарына ресми түсініктеме беруді өтініп, Конституциялық кеңеске сұрау салған жөн деген пікір білдірді. В.Котович ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговқа бұл мәселе бойынша 27-маусым, дүйсенбіде өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында сауал салатынын мәлімдеді. Бұл отырыста Конституциялық кеңес төрағасы еліміздегі конституциялық заңдылық ахуалы туралы баяндама жасауға тиіс.
Депутаттардың Конституциялық кеңеске сауал салу туралы ниетіне мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов қолдау білдірді.

Перейти к новостям спорта