2005 жылдың басындағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендердегі халық саны 6435,9 мың адамды немесе халықтың жалпы санының 43,0% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылдың басындағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендердегі халық  саны 6435,9 мың адамды немесе халықтың  жалпы  санының 43,0% құрады

2005 жылдың басындағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендердегі халық саны 6435,9 мың адамды немесе халықтың жалпы санының 43,0% құрады

Ауылдық аумақтарды тиімді дамыту шараларын және халықты орналастырудың оңтайлы сұлбаларын құруды көздейтін, экономикалық келешегі бар жерлерде ресурстарды шоғырландыруға мүмкіндік беретін және ауыл халқы табысының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында ҚР статистика агенттігі 2005 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар басқаратын 7347 ауылдық елді мекенге сауалнамалық зерттеу жүргізді. Сауалнаманы әкімшілік қарамағында ауылдық елді мекендері бар ауыл (село) округтарының, аудандық, қалалық және кент әкімшіліктерінің уәкілетті адамдары іске асырды.

  • 23 Маусым 2005
  • 600
Фото - Caravan.kz

Зерттелген ауылдық елді мекендердегі ауыл халқының саны 6435,9 мың адамды немесе елдегі бүкіл халықтың жалпы санынан 43,0% құрады.

Осы зерттеу 50 адамға дейін халқы бар ауылдық елді мекендердің саны 2004 жылғы зерттеу деректерімен салыстырғанда 915-тен 661-ге дейін азайып, 1000-нан 5000 адамға дейін халқы бар ауылдық елді мекендердің саны — тиісінше, 1681-ден 1694-ке дейін өскенін көрсетті.

Перейти к новостям спорта