Парламент ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы келісімді бекітті

Парламент ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы келісімді бекітті

Бүгін, 23 - маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы өкілдіктерінің иммунитеті мен артықшылықтары туралы ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Маусым 2005
  • 483
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты — Қазақстан мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы ынтымақтастық пен өзара достық байланыстарды дамыта нығайту болып табылады.

Бұл келісімнің 3-бабына сәйкес, комиссияның өкілдігі, оның басшысы мен қызметкерлері, сондай-ақ, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында 1961-жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитетке ие. Сонымен бірге Еуропалық Қоғамдастық елдерінде Қазақстан өкілдігі, оның басшысы мен қызметкерлері, сондай-ақ, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне де осымен бірдей артықшылықтар мен иммунитет беріледі.
Келісімге 1993-жылдың 2-ақпанында Брюссельде қол қойылған.

Перейти к новостям спорта